Skip to main content

Экологиялық нормалау негіздері және сараптама


АТУ
Enrollment is Closed

Курстың мақсаты:

Студенттерді экологиялық нормалар мен ережелер жүйесімен , қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіздік жобалау жөніндегі нормативтік құжаттармен таныстыру. Сонымен қатар, экологиялық сараптама, аудит және ҚОӘБ ( қоршаған ортаға әсерлерді бағалау) сияқты экологиялық іс-әрекет түрлерін жүргізуді студенттерге үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

«Экологиялық нормалау негіздері және сараптама» курсы қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы жай-күйін сипаттайды. Және де биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілейді. Сонымен қатар, көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізуі мүмкін қолайсыз әсерлердің және солармен байланысты әлеуметтік зардаптардың алдын-алу мақсатында сараптама обьектісін іске қосуға да жол берілуін айқындайды.

ҚҰРЫЛЫМЫ

1-апта. Қоршаған ортаға әсер етуді басқару және экологиялық нормалау

2-апта. Экологиялық сараптама және оның түрлері

3-апта. Экологиялық аудит жүйесі мен менеджменті

4-апта. Қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды пайдалану

5-апта. Экологиялық сертификация және стандарттар жүйесі

Авторлар туралы мәлімет:

Course Staff Image #1

Божбанов Алихан Жаксыбекович

б.ғ.к., доцент, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі, Алматы Технологиялық университетінің «Тағамдық биотехнология» кафедрасының доценті

Жалпы еңбек өтілі –39 жыл, оның ішінде педагогикалық еңбек өтілі - 29 жыл. Осы еңбек жолында 150- ден аса ғылыми жұмыстары жарық көрді . 2 оқулықтың, 15-тен аса оқу құралының , 8 типтік оқу бағдарламаларының авторы. 2 инновациялық патенттің иесі.

Жарық көрген оқулықтарының тізімі:

1. Оқулық ҚР БжҒМ ұсынысымен шыққан. «Экологиялық зоогеография негіздері» Оқулық. - Алматы: - ҚР ЖОО қауымдастығы, 2013. - 340 б. Соавтор: Байбатшанов М.К;

2. Электронды мультимедиялық оқулық ҚР БжҒМ ұсынысымен шыққан. «Экологиялық зоогеография негіздері» Электронды оқулық. Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана,- Алматы -2015. Соавтор: Байбатшанов М.К;

3. 8 оқу құралын ҚР БжҒМ Республикалық оқу - әдістемелік Кеңесі ұсынған:

1) Табиғатты пайдалану экономикасы: Оқу құралы.- Қарағанды:- ЖК «Ақнұр баспасы», 2013. -152 б.; Соавтор: Тургумбекова Н.М.;

2) Экотоксикология: Оқу құралы.- Алматы: -Экономика баспасы, 2014.-254 б.Соавтор: Медеуова Ғ.Ж.;

3) Биогеохимия негіздері: Оқу құралы. - Алматы: -Экономика баспасы, 2015.- 156 б.Соавтор: Медеуова Ғ.Ж.;

4) Зоология пәнінен практикум: Оқу құралы.- Қарағанды:- ЖШС«Medet Group», -2015. -168 б.;

5) Практикум по зоологии: Учебное пособие.- Қарағанды:- ТОО «Medet Group»,- 2015. -146 с.;

6) Әлеуметтік экология және тұрақты даму: Оқу құралы. -Алматы:- ЖШС "Medet group",- 2015.- 280 б. Соавтор: Сатбаева Г.С

7) Ecology and sustainable development lesture course: Manual, Almaty, АТU 2018, р. 225. (Bozhbanov A.Zh., Jakupova I.B.)

8) Экология и устойчивое развитие (на рус., англ. языках) . Учебное пособие.- Қарағанды:- ТОО «Medet Group»,- 2018. -540 с.; Соавторы:Джакупова И.Б., Шарифканова Г.Н.

4. 2 оқу құралын АТУ-дың Ғылыми-методикалық кеңесі ұсынды, оның ішінде біреуі ағылшын тілінде:

1) Учение об окружающей среде: учебное пособие.-Алматы:- ТОО "Medet group".-2015.- 328 стр. Соавтор:Джакупова И.Б.;

2) Экологические аспекты естествознания: учебное пособие. - Караганда: ТОО "Medet group", 2017.- 292 стр. Соавтор:Джакупова И.Б.;

E-mail: bozhbanov2011@mail.ru