Skip to main content

Нан өндірісінің технологиясы


АТУ
Enrollment is Closed

Нан өнімдерінің технологиясы

Курстың мақсаты:

Нан өндірісі саласында терең ғылыми білімді меңгерген, технологияның ғылым негіздерін және еңбекті ғылым ұйымның ғылыми негіздерін және еңбекті ғылыми ұйымдастыру принциптерін практика жүзінде пайдалана білетін жоғары білімді мамандар дайындау.

Нан және нан өнімдері өндірісінің технологиялық процесін зерттеу. Бидай және қара бидай қамырын әртүрлі әдістермен дайындаудың технологиясын енгізуге дағдылану. Нан және нан өнімдері өндірісінің технологиясын және техникасын өздігінші басқара алу.

«Наубайхана өндірісінің технологиясы» курсының бағдарламасы шикі заттарды қабылдаудан бастап, нан өндірісінің ретімен технологиялық процестерінің операциясы жөнінде түсінік беру үшін құрастырылды.

Курс мазмұнында нан өндірісінің жеке сатысында жүретін процестер, олардың жартылай фабрикат және дайын нанға тигізетін әсері, нанның сапасын жақсартудың әдістерімен жолдары және оның тағамдық құндылығы және тағамдық қауіпсіздігі жөнінде айтылады.

Құрметті студенттер курсты аяқтау үшін сізге берілген тапсырмаларды орындау қажет, тест тапсырмаларын және үй тапсырмасының барлығын қосқанда 50 пайыз жинауларыңыз керек

ҚҰРЫЛЫМЫ

1-апта. Нан өндірісінің негізгі сатылары және нан өндірістерінде қолданылатын шикізаттар

2-апта. Қамыр дайындау, бөлшектеп-өңдеу, жетілдіру

3-апта. Нан пісіру және сақтау

4-апта. Нан сапасы және тағамдық құндылығы

КУРС АВТОРЫ

Course Staff Image #1

Байысбаева Меруерт Пернебаевна

т.ғ.к., Алматы технологиялық университетінің «Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының доценті. Жалпы еңбек өтілі – 16 жыл. Жарық көрген 80-нен астам ғылыми және әдістемелік жұмыстары, оның ішінде 1 өзінің жеке «Нан өнімдерінің технологиясы», 2001 ж, 28 б.п тұратын оқулығы, 1 авторлармен бірігіп «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» 2013 ж. 39,5 б.п. оқулығы, 1 «Наубайхана өндірісінде қолданылатын шикізаттар мен материалдар» оқу құралы, 1 монография «Нан өндірудің инновациялық технологиясы»және «Нан, макарон және кондитер өндірістері технологиясы» оқу-әдістемелік жұмыстары бар.

«Способы производства хлеба» ҚР № 15734. 14.05.2005ж, «Способы производства хлеба и хлебобулочных изделий» ҚР № 15752. 14.05.2005ж ҚР 2 патенті және 1 ҚР 26704. 15.03.2013, бюл. №03, «Способ производства слоеных лепешек» ҚР инновационный патенті және ҚР. 16.11.2015, № 30580. бюл. №11. «Способ производства слоеного теста» 1 ҚР патенттерінің иесі.