Skip to main content

Физика твердого тела


КарГУ имени Е.А.Букетова
Enrollment is Closed
Бұл курста конденсацияланған күй физикасының негізгі элементтері негізінде қатты дене физикасын жүйеленген түсінікті мәні берілген. Онда өтетін қатты дененің физикалық қасиеттері мен процестерін қарастыру үшін оның түсініктемелері бар. Кристалдар құрылымы, атомаралық байланыстардың түрлері, асқын өткізгіштік пен фазалық өтулердің теорияларының негізгі жағдайлары қарастырылады. Кристалдардың аумақтық құрылымының негізгі сипаттамалары, кристалдық тордағы атом тербелістерінің теориясы, қатты дененің жылулық, магниттік, сегнетоэлектрлік, диэлектрлік қасиеттері қарастырылған және нанокристалдық күйінің қасиеттері сипатталған. Бұл курс физика және физика-техникалық факультеттерінде қатты дене физикасын оқитын магистранттарға, PhD докторанттарға, сонымен қатар, қатты дене физикасының негізгі ережелері мен әдістерімен танысқысы келетін физика саласындағы ғылыми қызметкерлер мен оқытушыларға арналған. КУРС АВТОРЛАРЫ Көкетай Темірғали Әбілдаұлы- ф.-м.ғ.д., Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, «Техникалық физика және экология мәселелері» ғылыми зерттеу институтының директоры. «Қатты дене физикасы және оның халық шаруашылығындағы қолданылуы» атты халықаралық ғылыми конференцияның инициаторы және ұйымдастырушысы. Халықаралық биографиялық орталық (Кембридж, Англия) «ХХ-ғасыр ғұламасы» деген атақ берді. «ХХ-ғасырдың аса көрнекті қайраткерлері» деген кітапқа өмірбаяны жазылып, күміс медаль тапсырды. Кембридждегі Халықаралық биографиялық орталықтың (Қазақстан мен Орта Азияның өкілі ретінде) Вице-консулы болып сайланды. Оксфорд Университеті «Кең аумақты диэлектриктердің абсолюттік спектроскопиясы» тақырыбы бойынша дәріс оқуға шақырды. Жетістіктері: кристалдардағы люминесценция орталықтарының табиғаты, қатты денеде электронды қозулардың өзара әрекеттесуі, жоғары электронды радиацияның қатты денемен өзара әрекеттесуі, белсендірілген кеңжолақты диэлектриктердегі аболюттік спектроскопия. Бүгінгі күні 32 физика-математика ғылымдарын, 8 физика-математика ғылымдарын және 2 PhD докторларын дайындады. Мұсабекова Әсел Қанатқызы- т.ғ.м., Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, «Техникалық физика және экология мәселелері» ғылыми зерттеу институтының инженері. 16.04.01- «Техникалық физика» мамандығы «Радиациялық және плазмалық технологиялар» бағыты бойынша Томск политехникалық университетінде техникалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алды. «Жастар үшін халықаралық мектеп-семинар «Бөлшектердің шоғыры, плазма, нейтрондар, фотондар: генерациясы және қолданылуы» бағдарламасы бойынша біліктілігін жоғарылатқан. «The current problems of modern electronics and nanotechnologies» курс лекциясын өткен.