Skip to main content

Аналитикалық химия


КазНУ имени аль - Фараби
Enrollment is Closed

Курс туралы

Аналитикалық химия – химия ғылымының бір саласы, ол заттың химиялық құрамын анықтау үшін қолданылатын химиялық анализ әдістерін жасап, оларды дамытумен, сол әдістерді жүзеге асырумен және олардың теориялық негіздерін терең зерттеумен айналысады. Анықталатын зат компонеттерінің сапалық және сандық құрамын анықтауға қажетті жағдайларды жасау және химиялық процестерді зерттеу жұмыстарын саналы әрі сапалы түрде жүргізу бұл аналитикалық химияның теориялық негізін жақсы меңгергенде ғана мүмкін болады. Аналитикалық химия курсы студенттердің химиялық анализдің негізгі заңдылықтары бойынша теориялық білімдерін және терең ойлау қабілеттерін қалыптастыра отырып, химиялық анализ әдістерін және әртүрлі ғылыми-зерттеу тәсілдерін тиімді жүргізуді үйретеді.

Курс тыңдаушылары

«Аналитикалық химия» курсы жоғары оқу орындарының химия, химиялық технология, мұнай химиясы, медицина және т.б. мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен PhD докторанттарына арналған.

Курстың авторы

Course Staff Image #1

Минажева Гүлшарат Салауатқызы

Педагогика ғылымдарының докторы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент, аналитикалық, коллоидтық және сирек элементтер химиясы мен технологиясы кафедрасының профессоры міндетін атқарушы.E-mail:mgulsharats@gmail.com

  1. Course Number

    CHEM_101
  2. Classes Start

  3. Classes End

  4. Estimated Effort

    2-3 часа