Skip to main content

Arduino микроконтроллер платасында бағдарламалау


Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Enrollment is Closed

Курс туралы

«Arduino микроконтроллер платасында бағдарламалау негіздері» курсы бастапқы электронды құрылғылармен бағдарламалауды оқытуға бағытталған. Ардуино - кәсіби емес пайдаланушыларға арналған қарапайым автоматтандыру жүйелері мен роботтарды жасау үшін аппараттық және бағдарламалық жасақтама болып табылады. Сіздер Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Бағдарламалау инженериясы» кафедрасының оқытушыларынан Arduino негізінде электронды құрылғылардың берілген тізбектерін түсініп, олардың элементтердің мақсатын, қызметін, бөлшектерді бір электр тізбегіне қосу ережелерін, тізбек жұмысының шектеулері мен қауіпсіздік ережелерін, құрылғыны басқаруға арналған бағдарламаның жазылған кодын түсінуді, жұмыс нәтижелерін бақылау және талдау, бағдарламаны өңдеу, датчиктің көрсеткіштерін бақылау және айнымалы мәндерді өзгерту үшін сериялық мониторды қолдануды қарастырасыз. «Arduino микроконтроллер платасында бағдарламалау негіздері» курсы ешбiр алғашқы бiлiм мен тəжiрибесi жоқ барлық үйренемiн деушiлерге ашық, соның ішінде әсіресе жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерге, Ардуинада бағдарламалауды меңгеруге қызығушылық танытқандарға арналған.

Курстың мақсаты

- Arduino платформасы негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру,

- Бағдарламалау принциптерімен әдістерін үйрету.

- Әр түрлі білім беру салаларында (математика, физика, информатика) алынған білімді курсты қолдану арқылы білімді тереңдету, оқуға деген ынтаны арттыру;

- Ғылыми, техникалық, инженерлік және дизайнерлік шығармашылыққа қызығушылықты дамыту; шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Нәтижесінде курстың тыңдаушылары бағдаламалау тілін меңгереді және құрылғылармен көптеген жобаларды, тапсырмаларды автоматтандыруға қабілетті болады.

Жұмыс істеу үшін сізге жеке компьютер, орнатылған бағдарламалық жасақтама (http://arduino.cc/kz/Main/Software сайтынан орнатуға болады), Arduino Uno құралы қажет.

Курстың құрылымы

Курс 4 модульден тұрады.

1-модуль. ARDUINO ПЛАТАСЫ

Мұнда Arduino Uno платасы, бағдарламалық жасақтама, Tinkercad онлайн платформасында жұмыс жасау, электр тогы. ом заңдылығын, бағдарламалау құрылымы және айнымалылар, олардың типтері, қолданылатын арифметикалық амалдар мен операторлар, функциялар туралы түсініктер қарастырылған.

2-модуль. КОМПОНЕНТТЕР.БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІМЕН ЖҰМЫС

Мұнда іртүрлі компоненттер соның ішінде резистор, жарық диодты қосу, батырмамен жұмыс, фоторезистор мен потенциометр басқару жүйесінің элементі, дыбыспен жұмыс, сервоқозғалтқышты басқару әдісі, ультрадыбыстық бақылау жүйесімен жұмыс, сұйық кристалды дисплеймен байланыс, RGB жарық диоды, мембраналық немесе матрицалық пернетақта құрылғыларымен танысады.

3- модуль. ARDUINO ПЛАТАСЫНДА БАҒДАРЛАМАЛАУНЕГІЗДЕРІ

Мұнда бағдарламалау тілдері, оның ішінде тармақталу операторы, циклдар, For парметрлі цикл, While алғышартты цикл, do Whilr соңғы шартты цикл, массивтермен жұмыс жасалады.

4- модуль. БІРНЕШЕ КОМПОНЕНТТЕРДІ ПАЙДАЛАНЫП АВТОМАТТАНДЫРУ

Мұнда құпия сөз арқылы қауіпсіздікті арттыруды, шлагбаум жобасын автоматтандыруды, ойын және электронды метр, әуен ойнату жобалары қарастырылған.

Курстың командасы

Course Staff Image #1

Байтемирова Нургуль Бауржановна

Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің физика-математикажәне ақпараттық технологиялар факультетін бітірген. Қазіргі уақытта Бағдарламалық инженерия кафедрасында аға оқытушысы болып қызмет атқаруда. Бірнеше рет «KazRoboProject» облыстық турларында қазылар алқасы ретінде қатынасқан, студенттердің үздік ғылыми – зерттеу жұмысынан республикалық конкурсына ғылыми жетекшілік жасап жүлделі орындарға ие болған, «IT-Planeta» ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық олимпиадаға студенттер дайындап, финалға шыққан. Қазіргі таңда 30-ға жуық ғылыми жұмыстары мен 2 оқу құралы жарияланған.

E-mail: n.baytemirova@asu.edu.kz

Course Staff Image #2

Амангелді Ардақ Амангелдіқызы

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, оқытушы. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Информатика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі. Қазіргі уақытта Бағдарламалық инженерия кафедрасында оқытушысы болып қызмет атқаруда. Халықаралық, республикалық конференцияларда шетелдік, республикалық басылымдарда 20-ке жуық ғылыми мақалалары жарияланған, 1 авторлық куәлік иегері, «Үздік жас ғалым-2020» төсбелгі және диплом иегері.

E-mail: a.amangeldy@asu.edu.kz