Skip to main content

Экология және тұрақты даму


Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті
Enrollment is Closed

Курс туралы

Осы курс Экология және тұрақты дамуды тереңірек оқытуға бағытталған. Сіздер Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Экология» кафедрасының ғалымдарынан организмдердің, оның ішінде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттеу, қазіргі экологияның құрылымы, әдістері және басқа ғылымдармен байланысы, экологиялық білім жүйесіндегі жалпы экологияның (биоэкологияның) маңызы, оның мақсаттары, міндеттері және құрылымы, экологиялық факторлар және олардың ағзаға әсер етуінің жалпы заңдылықтары, популяциялардың жұмыс істеуінің ерекше заңдылықтары, олардың эволюция процестері, табиғи іріктеу және бейімделу, экологиядағы экожүйе тұжырымдамасының рөлі, биосфераның құрамы, шекаралары және құрылымы, адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің ауқымы мен рұқсат етілген шектерін, осы әсерлерді азайту немесе оларды толық бейтараптандыру мүмкіндіктерін анықтауды үйренесіз. Одан басқа адамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның денсаулығын сақтау, сананы экологияландыру және экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, табиғат пен қоғамның арасындағы заңдылықтары, табиғи ресурстармен байланысты экологиялық-экономикалық жүйелердің даму тенденциясын қарастырасыз. Әр дәрістің соңында сіз тиісті тапсырмаларды орындауыңыз керек. Бұл курс жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге және экология мен тұрақты дамуды меңгеруге қызығушылық танытқандарға ұсынылады.

Курстың мақсаты

- студенттерді қазіргі өркениеттің мәселелерімен таныстыру;

- тірі заттардың, түрлі экожүйелердің, жалпы биосфера және оның тұрақтылығының негізгі заңдылықтарын зерттеу;

- табиғатты пайдалану қарқындылығының жағдайында адамның шаруашылық қызметінің экологиялық салдары туралы білімін қалыптастыру;

- экология, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамудың күрделі, әрі өткір мәселелерін талдауда кешенді нысанды және шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру.

Курстың құрылымы

Курс 3 модульден тұрады.

- 1 модуль Жалпы экология

Мұнда табиғи жағдайларында ағзалар мен олардың қоғамдастықтарының өзара қарым-қатынасының жалпы заңдылықтары, "қоғам-табиғат" жүйесіндегі өзара қарым-қатынас туралы түсініктер қарастырылған

- 2 модуль БИОСФЕРА ЖӘНЕ НООСФЕРА ТУРАЛЫ ІЛІМ

Биосфералық үдерістердегі адамның ерекше рөлі, қоршаған орта мен адам денсаулығына антропогендік әсердің салдары сипатталады.

- 3 модуль ТҰРАҚТЫ ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Жаһандық, аймақты және жергілікті деңгейде концепциялар, стратегиялар, тұрақты дамудың мәселелері мен практикалық жүйелердің және оларды шешу жолдары талқыланады.

Әр дәрістің соңында сіз тиісті тапсырмаларды орындауыңыз керек. Бұл курс жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге және экология мен тұрақты дамуды меңгеруге қызығушылық танытқандарға ұсынылады.

Курстың командасы

Course Staff Image #1

Есенаманова Мәнсия Санаққызы

1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультетін бітірген, мамандығы биология-химия, 2011 жылы осы университетінің шет тілі: екі шет тілі мамандығын және 2020 жылы Атырау мұнай және газ университетінің Тіршілік қаупсіздік негіздері және қоршаған ортаны қорғау мамандығын бітірген. Кандидаттық диссертацияны 03.00.16-Экология мамандығынан қорғалған. Ғылыми ұстаздық тәжірибесі – 19 жыл. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдар факультетінде «Экология» кафедрасының меңгерушісі.

Экология мамандығының студенттеріне «Экология және тұрақты даму», «Радиациялық экология негіздері», «Кәсіби бағытталған шетел тілі» пәндерін жүргізеді.

e-mail: m.esenamanova@asu.edu.kz

Course Staff Image #2

Есенаманова Жанар Санаққызы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Жаратылыстану және ауылшаруашылық факультетінің «Экология» кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD). 2003 жылы Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультетін бітірген, мамандығы тарих-география. 2005 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің 550950–«Қолданбалы экология» мамандығынан магистратураны бітірген. Докторлық диссертацияны 6D060800 – Экология мамандығынан қорғалған. Ғылыми ұстаздық тәжірибесі – 15 жыл.

Экология мамандықтарға «Экологиялық биогеография», «Геоэкология» пәндерін жүргізеді.

e-mail: zhanyessen@mail.ru

Course Staff Image #1

Тлепбергенова Анар Ерсаинқызы

1993 жылы Атырау педагогикалық институтының Жаратылыстану факультетін бітірген, мамандығы биология-химия, 2018 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құқықтану мамандығын бітірген. Кандидаттық диссертацияны13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы мамандығынан қорғалған. Ғылыми ұстаздық тәжірибесі - 15 жыл. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдар факультетінде «Экология» кафедрасының аға оқытушысы.

«Экология және тұрақты даму», «Экологиялық білім және дүниетаным» пәндерін жүргізеді.

e-mail: anar_2808@mail.ru

Course Staff Image #1

Тауова Нұрсәуле Раулқызы

1997 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультетінің «Химия-экология» мамандығы бойынша бітірген. 2009-2011 жылы Атырау мұнай және газ институтының магистратура бөлімін аяқтап, 6N0608-Экология мамандығы бойынша, Жаратылыстану ғылымдары магистрі атанды. 1998-2007 жыл аралығында Атырау қаласы № 4. Ю.А. Гагарин атындағы орта мектепке биология, химия және экология пәндерінің мұғалімі болып жұмыс жасады. 2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Университетінде Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары факультетінде, экология кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып келеді. Ғылыми ұстаздық тәжірибесі- 22 жыл. Экология мамандығының студенттеріне «Экология және тұрақты даму», «Жүйелік экология негіздері», «Экологиялық қауіпсіздікті бағалау», «Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандыру әдістері», «Технологиялық процестерді есептеу және жобалау», «Топырақтану», «Геоэкология», «Экологиялық нормалау мен сараптаудың негіздері», «Экологиялық стандарттау сертификаттау және сараптама» пәндерін жүргізеді.

e-mail: n.tauova@asu.edu.kz