Skip to main content

Қашықтықтан оқып үйрен!


КазНУ имени аль-Фараби

Курс туралы

Құрметті бірінші курс студенті, сізді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қабылдануыңызбен құттықтаймыз!
Бұл курс-навигатор – сіздің көмекшіңіз! Оқу барысында сен университеттің негізгі ақпараттық-білім беру жүйелерінің және оқытушылар сабақ ұйымдастыратын жеке оқыту орталарының барлық мүмкіндіктерін нақты біліп, белсенді пайдалану үшін арнайы жасадық.

Курстың мақсаты

Сізге университеттің негізгі және қосалқы білім беру платформалары және олардағы жұмыс принциптері туралы негізгі ақпарат беру.

Оқыту нәтижелері

1. Сабақтар өткізілетін негізгі ақпараттық-білім беру жүйелері мен жеке оқыту орталарын білу, оларды оқу процесінде қолдана білу.
2. Пәннің оқу жоспарындағы навигациялық картаны қолдана отырып, сабақтың формасы мен платформасын дұрыс анықтау.
3. Әр түрлі бейнеконференциялар жүйесіндегі синхронды сабақтарға қосылу.
4. Әртүлі жүйелер мен жеке оқыту орталарында орындалған тапсырмаларды жүктеп өз прогресіңізді қадағалау.

Курстың құрылымы

1. ҚОТ қолдану арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру

2. Электронды-кітапханалық сервистер.

3. Универ жүйесімен танысу:
- жүйеге кіру,
- жаңалықтар тізбегі,
- сабақ кестесі,
- пән бойынша ПОӘК,
- жетістіктер және қатысу журналы,
- Универ жүйесіндегі пайдалы сілтемелер.

4. Универ жүйесіндегі қашықтықтан оқыту курстары:
- тапсырмаға жауап жіберу.

5. MS Teams-та оқыту:
- MS Teams қалай кіреміз,
- командадағы жұмыс,
- вебинарларға қосылу,
- тапсырмаға жауап жіберу, тесттерді орындау,
- бағаларды қарау.

6. Moodle ҚОЖ:
- Moodle-ға кіру,
- вебинарларға қосылу,
- тапсырмаға жауап жіберу, тесттерді орындау,
- бағаларды қарау.

Enroll