Skip to main content

Статистика


КазНУ имени аль-Фараби
Enrollment is Closed

КУРС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Курс кредиттік оқыту технологиясы саласы бойынша экономикалық мамандықтарды оқытатын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Экономика және бизнес Жоғары мектебіне оқуға түсуге ниет білдірген жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне де пайдасын тигізеді.

Курс мақсаты

Статистикалық деректерді жинау, өңдеу мен талдаудың жалпы әдістерін ғана емес, сонымен бірге еліміздің экономикалық дамуының негізі факторлары мен деңгейін бағалауды, өндіріс саласындағы шығын мен нәтижелердің көрсеткіштеріне баға беруді, халықтың әл-ауқатынының көрсеткіштерін есептеу әдістемесін қоса алғанда әлеуметтік экономикалық процестердің көрсеткіштер жүйесі мен оны талдау әдістерін игеруге үйретеді.

Курс авторы

Course Staff Image #1

АСҚАРОВА ЖАНАР АҚҚАЛОВНА

Экономика ғылымының кандидаты, доцент. 2003 оқу жылынан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Есеп және аудит» кафедрасында жұмыс жасайды. 08.00.05 – экономика және халық шаруашылығын басқару мамандығы бойынша экономика және бизнес факультеті Ғылыми кеңесінде «Қолжетерлік тұрғын үй құнын төлемдік сұраныс модельдерінің көмегімен бағалау» тақырыбында қорғап, 2008 жылы 20 қазанда бекітілді. Жалпы көлемі 110 б.б. құрайтын ғылыми мақалалары, оқу-әдістемелік және тәжірибелік сабақтарда қолданылатын құралдар мен әдістемелік нұсқаулық баспада жарық көрді. 2016 жылы «Статистика» пәніне арналған оқу құралы «Қазақ университеті» баспа үйі баспаханасында басылып шығарылды.