Skip to main content

Әлем халықтарының этнографиясы


КазНУ имени аль-Фараби
Enrollment is Closed

Курс туралы

«Әлем халықтарының этнографиясы» курсында әлем этнология ғылымының қалыптасуындағы этнологиялық мектептер мен бағыттардың концепцияларын, теориялық-әдістемелік ұғымын, әлем халықтарының этногенезін, этникалық тарихын, дәстүрлі шаруашылығын, материалдық және рухани мәдениетін, қоғамдық және отбасылық тұрмыс ерекшеліктері қарастырылады.

  • Курсты оқу барысында этнологияның зерттеу нысанын, қалыптасу тарихын, жалпы этнологияның теориялық негіздерімен деректерін, зерттеу әдістері жөнінде таныс болады;
  • Әлем халықтарының географиялық, тілдік, антрпологиялық және шаруашылық-мәдени типі жағынан классификациялау принциптерін меңгеріп, әлемнің этникалық картасын құруға дағдыланады;
  • Әлем халықтарының этногенезі және этникалық тарихы, шаруашылығы, кәсіп ерекшеліктері жөнінде мағлұмат алады;
  • Әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениетін, ондағы ерекшеліктерді тани біле отырып, әлемдегі қазіргі этномәдени және этникалық үдерістерді саралай алады;
  • Этнология ғылымының теориялық-методологиялық аспектілерін, дүние жүзі халықтарын классификациялау принциптерін, этнологиялық зерттеу әдістері мен деректерді оқып үйренеді.
  • Тыңдаушы дүние жүзі халықтарының этнографиясын терең оқып білу арқылы дүние жүзілік тарихи процестің дамуына талдау жасап объективті баға беруге үйренеді.

Курстың авторлары

Course Staff Image #1

Қалшабаева Бибизия Кенжебекқызы

Қалшабаева Бибизия Кенжебекқызы – т.ғ.д., ҚазҰУ – нің профессор м.а.Қалшабаева Б.К. 1987 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Тарих факультетін бітіріп, «Тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы» мамандығының дипломын алды. Оқуды өте жақсы аяқтағанына байланысты жолдамамен Орал қаласындағы А.С. Пушкин атындағы педагогикалық институттың оқытушысы болып қабылданып, осы институт қабырғасында 2 жыл (1987-1989) оқытушы қызметін атқарды. 1993-2016 жж. – 23 жыл бойы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент, профессор м.а. қызметін атқаруда. 1989-1990 жж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің стажер-ізденушісі. 1991-1993 жж. Тарих факультеті, Археология және этнология кафедрасының аспиранты болды. 1994 жылы «Өзбекстандағы қазақтар (Солтүстік шығыс аймағы деректері бойынша)» тақырыбында диссертация қорғады. 1999-2001 жж. Тарих факультеті, Археология және этнология кафедрасында «Археология және этнология» мамандығы бойынша докторантураны бітірді. 2010 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Мамандырылған Кеңесінде «Орталық Азиядағы қазақтар (тарихи-этнографиялық зерттеу)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2011 жылдан бері Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры м.а. қызметін атқаруда. Б.К. Қалшабаеваның ғылыми еңбектері: 177, соның ішінде 4 (жеке және 2 авторлық бірлестікте) монография, (1-уі ағылшын тілінде, оның екінші басылымы Германияда шыққан)), 3 оқу құралы, 3 оқу әдістемелік құрал, 15 шет елдік (Америка, Франция, Румыния, Индия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Калмақ АО т.б.) мақала бар. 2011-2016 жылдар аралығындағы еңбектерінің саны – 88. 2007-2009 жж. ҚР БжҒМ қолданбалы зерттеулер бағдарламасы бойынша «Қазақ халқының мәдени мұраларын жинау, сақтау және насихаттау мәселелері» тақырыбындағы ғылыми жобаның жауапты орындаушысы, 2012-2014 жж. ҚР БжҒМ іргелі зерттеулер бағдарламасы бойынша «Қазақ диаспорасы мен репатрианттардың этномәдени мұраларын зерттеу және тарихи Отанға бейімделу мәселелері» тақырыбындағы ғылыми жобаның жетекшісі, ҚР БжҒМ «Ғылыми қазына» мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асып жатқан Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 20 томдық «Отан тарихы» атты ғылыми жобаның «Қазақ диаспорасы» тақырыбы бойынша орындаушы. Қалшабаева Б. К. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультетінде, археология, этнология және музеология кафедрасында профессордың м.а. қызметін атқаруда. «Әлем халықтарының этнографиясы», «Этнологияға кіріспе», «Этнологияның теориялық және методологиялық мәселелері», «Қазақ диаспорасы және репатрианттарды зерттеу проблемалары», «Қазақстандағы түркі тілдес халықтардың тарихы мен этнографиясы», «Қазақстандағы қазіргі түркі тілдес халықтардың этномәдени үдерістері» т.б., курстарынан дәріс оқып жатыр. Негізгі жетістіктері ғылыми саласында, этнология, этникалық және этномәдени үдерістер, қазақ диаспорасы және репатрианттар, этнологияның теориялық және методологиялық мәселелері, т.б.

Course Staff Image #2

Бейсегулова Айнур Кыдыргалиевна

Бейсегулова Айнура Қыдырғалиевна-археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы, тел: 1285, beysegulova@gmail.com.2000 жылдан бастап Тарих, археология және этнология факультетінде жұмыс жасап келеді. 2013 жылдан бастап археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы. Кафедрада «Әлем халықтарының этнологиясы», «Қазақ халқының рухани мәдениеті», «Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы», «Еуропа халықтарының этнологиясы», «Африка, Америка, Австралия халықтарының этнологиясы, «Қазақ халқының зергерлік өнері», «Этнографияның зерттеу әдістері» пәндерінен лекция және семинар сабақтарын жүргізеді. Осы пәндерден оқу әдістемелік құралдарын құрастырушы. Басқа авторлармен монография және оқу құралының және 30 ғылыми мақаланың авторы.