Skip to main content

Дүниежүзі тарихы


КазНУ имени аль-Фараби
Enrollment is Closed

Курс туралы

10-сыныпта «Дүние жүзінің тарихы» пәні бойынша шетелдердің ХХ ғ.басынан 1945 жылға дейінгі тарихы (қазіргі заман тарихы деп аталатын кезеңнің бірінші сатысы) оқытылады.Дүниежүзінің қазіргі заман тарихын оқу оқушыларды жалпы білімдік және дүниетанымдық тұрғыдан дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады және олардың шығармашылық ойлау қабілетін ұштауға мүмкіндік береді. «Дүние жүзінің қазіргі заман тарихы» пәні оқушылардың ойында адамзат тарихының көпөлшемділігі аясындағы біртұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. 10-сыныпта оқушылар ХХ ғ. бірінші жартысындағы негізгі тарихи оқиғалармен және құбылыстармен танысады. Қазіргі заман тарихының ежелгі, орта ғасыр және жаңа тарих кезеңдерінен үлкен айырмашылығы сонда – ол үнемі жалғасып отыратын, жыл сайын өзгеріп отыратын тарих. Сондықтан мектепте қазіргі заман тарихын оқыту өте күрделі. Сондай-ақ оқу материалын жинақтауда, оқытудың әдістері мен құралдарын таңдауда бұл пәнді оқытуға әрбір сыныпта 34 сағат қана бөлінгенін ескеру қажет. Бұл курс оқушыларға ғана емес, тарих пәнінің мұғалімдеріне де шетелдер тарихындағы өте күрделі кезең – ХХ ғ.тарихын түсінуге, оның сабақтарын еліміздің қоғамдық өміріндегі әрқилы ахуалдар кезінде пайдалануына мүмкіндік береді. Курс мектеп оқушыларына ҰБТ және кешенді тестілеуге дайындалуға сетігін тигізеді.

Курстың мақсаты

Дүниежүзінің әртүрлі аймақтарындағы индус¬тр謬алдық қоғамның дағдарысқа ұшырауы және постиндус¬триалдық қоғамның қалыптас үдерісінің ортақ белгілері мен ерекшеліктерді ашатын жүйелі білім беру; дүниежүзінің ХХ ғ. бірінші жартысындағы дамуының альтернативтілік мүмкіншіліктерін көрсету; көпұлтты империялардың даму және күйреу тарихын, жаңа ұлттық мемлекеттердің құрылу тарихын түсіндіру; қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың дамуының сипаты мен ерекшеліктерін ашу; оқушылардың гуманитарлық мәдениетін дамыту, олардың ұлттық және әлемдік мәдени мұра құндылықтарын түсінуіне көмектесу.

Курстың авторы

Course Staff Image #1

Көкебаева Гүлжаухар Кәкенқызы

Көкебаева Гүлжаухар Кәкенқызы, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның орта мектептеріндегі «Дүниежүзі тарихы» пәнінің алғашқы отандық бағдарламасын және оқулығын дайындаған, қазіргі қолданыста жүрген бағдарламаның авторы. Шетелдердің қазіргі заман тарихы бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғаған. Университетте «Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен 35 жыл дәріс оқиды. Автордың осы пән бойынша 8 оқулық және 19 оқу-әдістемелік құралдары бар. Қазіргі уақытта Көкебаева Гүлжаухар Кәкенқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ««Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының профессоры.E-mail: kokebayeva@gmail.com