Skip to main content

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар


КазНУ имени аль-Фараби

Курс туралы

Бұл информатика әлеміне кіріспе курсы болып саналады. Бұл курста Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың даму тарихы, оның заманауи қоғамға пайдасы, аппараттық және бағдарламалық қамтамамен адам мен компьютердің өзара қатынасының принциптері зерттеледі және қазіргі заманғы есептегіш құралдарды пайдалана отырып, ақпаратты қабылдау, өңдеу және шығару негіздерін үйретеді.

Сонымен қатар, бұл курс құжаттарды жазу, веб-бетті құру, Microsoft Excel және Microsoft Access бағдарламасымен жұмыс істеу сияқты тәжірибелік сабақтарды қамтиды. Курстың аясында ғылым мен бизнестің барлық салаларында мамандар белсенді пайдаланатын базалық бағдарламалық жасақтама қосымшаларымен жұмыс істеу кезінде қажетті дағдыларды иемдену және компьютерлік техника пәндерін одан әрі зерттеу үшін қажетті іргелі білім береді.

Сондай-ақ, «Жасыл технологиялар», «Ақылды үй», «Жасанды интеллект», «Электрондық технологиялар» сияқты Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың перспективті бағыттары және олармен жұмыс істеу жолдарын үйретеді..

Курстың мақсаты

Студенттерге компьютерлік сауаттылық негіздерін үйрету және информатиканың негізгі ұғымдарымен таныстыру. Сонымен қатар, студенттерге заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды әртүрлі кәсіптік салаларға қолдануға, яғни ғылыми-тәжірибелік жұмыстар, өзін-өзі тану немесе т.б. мақсаттар үшін, мүмкіндік беретін кәсіби және жеке құзыреттіліктерді меңгерту.

Автор туралы

Course Staff Image #1

Накибаева Мөлдір Тоқтасынқызы

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, информатика кафедрасының аға оқытушысы. 2011 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің механика-математика факультетінде «Жылу алмасу есептеріне параллельді әдістерді қолдану» атты тақырыпта магистрлік диссертациясын қорғады.
2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің ақпараттық технологилар факультетінің информатика кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді.
Келесі сертификаттарға ие:
2018 CCNA Security
Cisco Networking Academy
2014 Introduction to Unified Parallel C and Co-Array Fortran
Жоғары өнімді есептеу орталығы, Штутгарт, Германия
2014 OpenACC Programming for Parallel Accelerated Supercomputers - an Alternative to CUDA from Cray Perspective
Жоғары өнімді есептеу орталығы, Штутгарт, Германия
2014 GPU Programming using CUDA
Жоғары өнімді есептеу орталығы, Штутгарт, Германия
2014 Scientific Visualisation
Жоғары өнімді есептеу орталығы, Штутгарт, Германия
2010 Modern Computational Science
Карл фон Оссиетский атындағы университет, Олденбург, Германия
2010 Networking for Home and Small Businesses
Cisco Networking Academy, Computer Science

Enroll