Skip to main content

Қытай тілі


КазНУ имени аль-Фараби
Enrollment is Closed

Курстың мазмұны

Ауызекі сөйлеу, халықтар арасындағы мәдени, экономикалық және саяси байланыстар орнатудың негiзгi құралы ретiнде үлкен қызмет атқарады. Курстың негiзгi нысаны – ауызекі сөйлеу.

Курстың мақсаты

  • Қытай тілін игеру және қолдану дағдыларын жетілдіру
  • Қытай тіліндегі шыңму, юнму, төрт тонды және сөйлем ырғағын сөйлем түріне қарай қолдана білу
  • Иероглифтердің жазылу ретінің дұрыстығына мән беріп, көркем жазуға үйрету
  • Ауызекі тілдесу және естіп түсіне білу қабілетін жетілдіру
  • Негізгі грамматикалық құрылымдарды игерту

Курс авторы

Course Staff Image #1

Қалиолла Ардақ

Мен Қалиолла Ардақ 1963 жылы 21 қыркүйекте ҚХР. ШҰАР Тарбағатай аймағында дүние есігін аштым. 1972-1982 жылдар бастауыш – орта мектепті тамамдадым. 1982-1986 жылдар ҚХР. Пекин. Орталық Ұлттар Университетінен қазақ филологиясы мамандығы бойынша білім алып , 1986-1988 жылдар ҚХР. Пекин Университетінен Қытай филологиясы бойынша мамандық алып шықтым. 1986-1994 жылдар ҚХР. ШҰАР. Іле Педагогикалық Университетінде Тіл білімі пәні бойынша студенттерге сабақ бердім. 1994 жылдың соңында тарихи отаным қазақстанға біржола қоныс аударып келдім. 1995-1998 ҚР.Абылайхан атындағы Халықаралық Қатынастар және әлем тілдері университетінде, 1998-2003 «Чыңлұң» фирмасында аудармашы , 2004 жылы декреттік демалыста болдым. 2005-2008 Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің колледжінде, 2008-2015 Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің Халықаралық қатынастар факулльтетінде , 2016- қазірге дейін Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факулльтетінің Қытайтану кафедрасында аға оқытушы болып жумыс жасап келем. Көптеген ғылмый , методикалық мақалаларым алыс жақын шетелдерде және елімізде жарық көрді. Сонымен бірге Жалпыға арналған Қытай тілі 1 бөлім (оқулық, Шинжияң оқу-ағарту баспасы, 2010ж), Жалпыға арналған Қытай тілі 2 бөлім (оқулық, Шинжияң оқу-ағарту баспасы, 2011ж),Қытай тілі 3 бөлім (оқулық, Шинжияң оқу-ағарту баспасы, 2013ж оқу-құралдарым баспадан шығып, қазір қолданыста).ardah63@mail.ru