Skip to main content

Саясаттану


КазНУ имени аль-Фараби
Enrollment is Closed

Курс туралы

Бұл курс қоғамдағы саясаттың табиғатын, оның орны мен рөлін түсініп, саясаттың қыр-сырын білгісі келетін кез келген жастағы білім алушыларға арналған. Бұл пән қоғамның саяси саласы туралы жүйелі білім беріп, азамат ретінде саяси үрдістер мен институттар жұмысына қатысуға және бағалауға, талдау мен болжауға қажетті дағдыларды қалыптастырады.

Курстың құрылымы

І БЛОК. Саясаттану ғылым ретінде және оның даму кезеңдері
ІІ БЛОК. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде
ІІІ БЛОК. Қоғамның саяси жүйесі және мемлекет
ІV БЛОК. Саяси институттар
V БЛОК. Саясаттың рухани негіздері
VI БЛОК. Саяси үдерістер

Курстың академиялық презентациясы

Курс мақсаты

Студенттерде саясаттанудың пәні мен әдістері, саяси ойдың эволюциясы, саяси өмірдің заңдылықтары, әлемдік саяси процестің тенденциялары мен нақты елдер мен жаһандық ауқымда оның жүзеге асу ерекшеліктері туралы жүйелендірілген ғылыми түсініктерді қалыптастыру; саяси шынайылықта бағдар жасай алуға көмектесу, оларда қандай да бір саяси оқиғалар мен құбылыстарды, саяси ойлау нормалары және биліктік қатынастар саласындағы мінез-құлықты бағалауға ғылыми көзқарас қалыптастыру; саяси шынайылықты ескере отырып, өзінің кәсіби міндеттерін шығармашылық шешу үшін қажетті біліммен қаруландыру.

Күтілетін оқу нәтижелері

Пәнді оқу нәтижесінде студент қабілетті болады:
ОН 1 – негізгі саяси ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру арқылы саяси саланы зерделеу және бағалау.
ОН 2 – оқытылатын пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде түрлі қоғамдық салалардағы қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру.
ОН 3 – қазіргі қоғамның және оның саяси институттарының жұмыс істеу ерекшеліктері мен негізгі қағидаттарын меңгеру арқылы оларды талдау, ұсыныстар беру және келешегін болжау.
ОН 4 – заманауи қоғамның саяси мәселелерін сипаттау мен талдау арқылы саяси процестер мен қатынастардың өзара байланыстарын ашып беру.
ОН 5 – қазақстандық қоғамның даму үрдістері мен жаңғыру ерекшеліктерін талдау негізінде ондағы саяси институттардың рөліне баға беру.

ОН жетудің индикаторлары (ЖИ)

ЖИ 1.1 – саяси ілімдердің қалыптасу тарихы мен негізін салушылардың идеяларын саралау.
ЖИ 1.2 – саясаттанудың негізгі ұғымарын тану, анықтамаларын жүйелеу.
ЖИ 2.1 – саясаттың өзекті мәселелеріне салыстырмалы талдау жүргізу.
ЖИ 2.2 – қоғамның саяси, мәдени, рухани, идеологиялық, әлеуметтік құндылықтарын түсіндіру.
ЖИ 2.3 – саясаттың қызметі мен даму заңдылықтарын айқындау, оның қоғам өмірінің түрлі салаларындағы рөлін салыстырмалы талдау.
ЖИ 3.1 – қоғамның саяси жүйесінің құрылымы мен құрамдас элементтерін, қызмет ету ерекшеліктерін талдау.
ЖИ 3.2 – заманауи саяси үдерістердің табиғатын жан-жақты түсіндіру.
ЖИ 3.3 – саясат субъектілерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын түсіндіру.
ЖИ 3.4 – саяси институттардың жұмыс істеу механизмдері мен қағидаттарын меңгеру, оларды жетілдіру жолдарын ұсыну.
ЖИ 4.1 – азаматтық қоғамдағы партиялық жүйе, қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың жұмысын саралау.
ЖИ 4.2 – қазіргі заманғы саяси үдерістерге ықпал етуші факторларды айқындау.
ЖИ 4.3 – мемлекетің идеологиясын, стратегиясын және ұлттық мүдделерін саяси талдау.
ЖИ 5.1 – Қазақстанның саяси дамуының алғышартарын негіздеу.
ЖИ 5.2 – саяси даму мен рухани жаңғыру үдерісіндегі саяси институттардың рөлін бағалау
ЖИ 5.3 – Қазақстанның ұлттық мүдделерін, оның қазіргі әлемдік саясаттағы орны мен рөлін саясаттанулық талдау.

Пререквизиттер мен постреквизиттер

Философия

Ақпараттық ресурстар

1. Назарбаев Н.А. "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания". -Астана, 2017
2. Абсаттаров Р.Б. "Саясаттану негіздері". –1-2 том. Өзгертіліп, толықт. 3-ші басылым. -Алматы: Қарасай, 2018.
3. Мельник, В. А. Политология: пособие / В. А. Мельник. – Минск: Вышэйшая школа, 2018.
4. Мұсатаев С.Ш. "Саяси билік": Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. – 2015.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы

6B01 Педагогикалық ғылымдар
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
6B04 Бизнес, басқару және құқық
6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
6В09 Ветеринария
6B10 Денсаулық сақтау
6B11 Қызмет көрсету
6B12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс

Курс авторы

Course Staff Image #1

Мұсатаев Сейілбек Шаяхметұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры, 23.00.02 - Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар мамандығы бойынша саяси ғылымдарының докторы.
100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 7 монография мен 4 оқу құралының авторы. "Теориялық және қолданбалы саясаттану", "Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздігі", "жаһандану және әлемдік саяси процесс", "өңірлік саясат", "Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты", "Қазіргі әлемдегі интеграциялық процестер", "Қазақстанның саяси ойы", "Саяси-құқықтық ілімдер тарихы" және т.б. пәндерден дәріс оқиды. Иньин университетінің (ҚХР) құрметті профессоры. "Ақиқат" республикалық қоғамдық-саяси журналы саяси бөлімінің сарапшы-тілшісі, "Қазақ газеттерінің" саяси шолушысы.
Электронды пошта - mceka@mail.ru