Skip to main content

Әлеуметтану


kaznu
Enrollment is Closed

Курс туралы

Әлеуметтану пәні қоғамның әлеуметтік жағдайын теориялық тұрғыдан түсінуге, сипаттауға және жүйелеуге, тәжірибелік тұрғыдан деректер жинауға мүмкіндік береді.
Қоғам күрделі әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастар жүйесінен тұрады. Мұндай байланыстар өзара серіктестікке, ынтымақтастыққа негізделіп, жасампаздыққа немесе қарама-қайшылықтар мен дау-жанжалдық ситуациялардың әсерімен қиындықтарға да алып келуі мүмкін. Әлеуметтанудың мақсаты - түрлі әлеуметтік байланыстардың қалыптасу заңдылықтарын түсіндіріп, дауларды шешудің тиімді жолдарын көрсету. Әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың қалыптасу сипаты адамдардың құндылықтарымен, өмірге деген көзқарастарымен, мәдениетімен, психологиясымен анықталады және олардың қалай қалыптасатындығы әлеуметтік жағдайға белгілі бір деңгейде байланысты. Сондықтан да әлеуметтануды оқу арқылы өзімізді, өзіміз өмір сүріп отырған ортаны, түрлі топтарды, олардың әлеуметтік психологиясын, мәдениетін, түрлі ситуацияда қандай әрекетке дайын болатындығын түсіне аламыз.

Курстың құрылымы

1 апта. Әлеуметтану ғылымы, оның объектісі мен пәні.
2 апта. Әлеуметтану ғылымының тарихи қалыптасуы мен дамуы.
3 апта. Әлеуметтанулық зерттеудің түрлері мен әдістері
4 апта. Қоғамның әлеуметтік құрылымы социологиясы.
5 апта. Тұлға әлеуметтануы
6 апта. Отбасы әлеуметтануы
7 апта. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы.
8 апта. Дін, мәдениет және қоғам.
9 апта. Этнос және ұлт әлеуметтануы.
10 апта. Білім және әлеуметтік теңсіздік.
11 апта. Масс-медиа және ақпараттық технологиялардың қоғамдағы рөлі.
12 апта. Экономика, жаһандану және еңбек.
13 апта. Денсаулық пен медицинаның салауатты өмір суруге әсері.
14 апта. Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар.
15 апта. Әлеуметтік өзгерістердің бағыттары мен перспективалары.

Курстың академиялық презентациясы

Курстың мақсаты

Әлеуметтік саланың теорияларына, әдістеріне, әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізу ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы әлеуметтану теориясы мен практикасы туралы жүйеге келтірілген білім негізін игеруге қабілеттілікті қалыптастыру.

Күтілетін оқу нәтижелері

1-ОН. Әлеуметтану ғылымының зерттеу ерекшеліктерін айқындау негізінде зерттеулерді ұйымдастыруды және алғашқы мәліметтерді жинау әдістерін еркін түрде қолдана білуді қалыптастыру;
2-ОН. Қоғамның әлеуметтік құрылымына қатысты нәтижелерді жинақтау арқылы тұлға мен отбасының алатын орны мен әлеуметтену ерекшеліктерін негіздеу;
3-ОН. Девиацияның қалыптасу жағдайларына талдау жасау нәтижесінде оларды реттестірудегі, қоғамдық сананы дамытудағы әлеуметтік институттардың маңызын көрсету;
4-ОН. Жаһандану жағдайындағы теңсіздіктерді айқындау және ақпараттық қоғамның олардың қалыптасуына әсеріне әлеуметтанулық тұрғыдан қорытынды жасау;
5-ОН. Қоғамдағы модернизациялық өзгерістерге, урбанизация процесіне талдау жасау негізінде олардың халықтың әлеуметтік денсаулығының сапалық көрсеткіштеріне әсерін бағалау.

ОН-ге қол жеткізу индикаторлары

1 ЖИ – базалық әлеуметтанулық категориялардың мазмұны мен мәнін анықтау;
1.2 ЖИ – әлеуметтанулық теорияларды түсіндіру;
1.3 ЖИ – әлеуметтанулық зерттеу түрлерінің, ақпараттарды жинау әдістерінің мүмкіндіктерін сипаттау;
2.1 ЖИ – қоғамның таптық, кәсіби, аймақтық, демографиялық құрылымын жүйелеу;
2.2 ЖИ – тұлғаның әлеуметтену ерекшеліктерін сипаттау;
2.3 ЖИ – отбасының әлеуметтік институт ретіндегі ролі мен маңызына көз жеткізу;
3.1 ЖИ – девиантты мінез-құлық түрлерін ажыратып көрсету;
3.2 ЖИ – дін мен мәдениеттің қоғамдағы ынтымақтастықты қалыптастырудағы ролін айқындау;
3.3 ЖИ – этноәлеуметтенудің азаматтық қоғамдағы өзгерістерін саралау;
4.1 ЖИ – білімнің әлеуметтік теңсіздікке әсерін айқындау;
4.2 ЖИ – масс-медианың мүмкіндіктерін бағалау;
4.3 ЖИ – жаһандану концепцияларына;
5.1 ЖИ – халықтың физикалық және психикалық денсаулығының өлшемдерін дайындау;
5.2 ЖИ – урбанизация процесінің жетістіктері мен проблемаларын тұжырымдау;
5.3 ЖИ – модернизациялық және инновациялық өзгерістерді талқылау.

Пререквизиттер және постреквизиттер

Әлеуметтану тарихы. Әлеуметтанудың әдіснамасы мен әдістері. Салыстырмалы социология.

Ақпараттық ресурстар

1. Джордж Ритцер, Джеффри Степницкий. Әлеуметтану теориясы. Астана. «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ. 2018. -856 б.
2. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: өзекті мәселелер.Алматы «Карасай» баспасы, 2013. 406 с.
4. Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 2011.192.б.
3. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы, Эверо. 2014.
4. Масионис Дж. Социология.СПб.: Питер. 2014
5. Смелзер Н. Социология. М. 2016.
6. Эльмира Отар. Особенности городского среднего класса Казахстана». – Астана, 2018.
7. Иванов Д.В. Актуальная социология и глэм-наука // Sociology of Science and Technology. - 2014. - Volume 5. - No. 2. - C.137-150.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы

6B01 Педагогикалық ғылымдар
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
6B04 Бизнес, басқару және құқық
6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
6В09 Ветеринария
6B10 Денсаулық сақтау
6B11 Қызмет көрсету
6B12 Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс

Курс авторлары

Course Staff Image #1

Абдикерова Гүлнапис Орынбасар қызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры, М.В. Ломоносов атындағы ММУ философия факультетінің 1990 жылғы түлегі.
Тұлға әлеуметтануы, саяси әлеуметтану және әлеуметтік антропология, әлеуметтік үдерістерді жобалау және модельдеу, қоғамның жаңаруы жағдайындағы тұлғаның әлеуметтенуі, жаһандану жағдайындағы модернизациялық өзгерістердің мәнін зерттеумен айналысады. 200-ден астам ғылыми еңбектердің, 20-дан астам оқулық, оқу құралдары мен сөздіктердің авторы.
2018 жылы «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына қатысып, ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған Джордж Ритцер, Джеффри Степницкийдің «Sociological Theory» (Әлеуметтану теориясы) кітабына аудармашы ретінде қатысты. Сонымен қатар осы бағдарлама аясында 2020 жылы ағылшын тілінен аударылған Мари Конноли Луиз Хармс, Джейн Майдменттің «Social work contexts and practice» (Әлеуметтік жұмыс негіздері және практикасы) кітабының ғылыми редакторы болды.
ҚРБжҒМ «Жоғары білім жүйесі мен жұмыс берушілердің интеграциясы оқу орнын бітіруші түлектердің кәсіби мобильділігінің маңызды шарты ретінде» (2015-2017жж.) ғылыми жобасының жетекшісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің, Алматы қаласы қоғамдық қорларының 20-дан аса жобаларының қатысушысы.
Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің 75, 80 жылдық құрмет белгілерінің иегері. ҚР білімінің құрметті қызметкері (2011), ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері (2011).
e-mail: a.gulnapis@mail.ru

Course Staff Image #2

Садырова Мәнсия Сапарғали қызы

Социология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры. Докторлық диссертациясын 1998 жылы «Қазақстан интеллигенциясының әлеуметтік-кәсіби мобильдігі» атты тақырыпта қорғады. Әлеуметтану бойынша 200-ден аса ғылыми еңбектердің, соның ішінде 5 монографияның, 12 оқу құралының, 3 әлеуметтанулық сөздіктің авторы. 10 томдық «Әлемдік әлеуметтану антологиясы» жинағына қатысты. 2006 жылғы ҚР БҒМ-нің «үздік оқытушысы» грантын иеленушы. Екі тілде дәріс оқиды. Қазақ тілінде әлеуметтанудың оқу пәні және ғылым ретінде дамуына елеулі үлес қосуда. 2004 жылы «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белғісімен марапатталдыы. 8 ғылым докторын, 4 ғылым кандидатын, 2 PhD доктор дайындады.
Интеллигенцияның, жастардың әлеуметтік-кәсіби мобильділігін, қазақстандық қоғамның әлеуметтік стратификациясын, әлеуметтік топтардың мотивациялық құрылымын, білім беру әлеуметтануының мәселелерін зерттеу бойынша қызметтік тәжірибесі бар. «Мәдени мұра» (2007-2009 ж.ж.), «Жастардың тілдік әлеуметтенуі» (2006-2009ж.ж.) ҚР БжҒМ Гранты, «Қазақстанның демографиялық жағдайын қалыптастырудағы түрлі ұлттар миграциясының рөлі» (2008ж.) ҚР мәдениет Министрлігінің Гранты, «Әлеуметтанудың және саясаттанудың өзекті мәселелері» жобасы Абай атындағы Қаз ҰПУ Гранты (2010 ж.); «Ғылыми қазына», Ғылым академиясы жобасы (2012-2014ж.ж.). «Жоғары білім жүйесі мен жұмыс берушілердің интеграциясы ЖОО-ы түлектерінің кәсіби мобильділігінің маңызды шарты ретінде» (2015-2017ж.ж.) ҚР БжҒМ Грантының қатысушысы; «Жастардың кәсіби потенциалы ҚР-да интеллектуалдық ұлт қалыптастыру тұрғысынан: аймақтық социологиялық зерттеу» (2015-2017 г.г.) ҚР БжҒМ Гранты – жоба жетекшісі.
msadirova58@gmail.com