Skip to main content

Туризмге арналған қытай тілі


КазНУ имени аль-Фараби
Enrollment is Closed

Курс туралы

«Туризмге арналған қытай тілі» курсы, негізінен Қазақстаннан Қытай Халық Республикасына саяхаттап барған туристерге және туризим саласында қызмет атқарушыларға, сондай-ақ қытай тіліне қызығушы барлық оқырмандарға арналған. Бұл курстың мақсаты саяхат барысында қытай тілін меңгеру және еркін сөйлеуге машықтану. Сонымен қатар, қытай тілді орта арқылы тілді жеңіл меңгерту. Қытай мәдениетімен, оның ерекшелігімен, даму тарихымен толық таныстыру. Қытай тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Курстың мақсаты

Қытай тілін оңай және тез меңгерту. Ол үшін тақырыпқа сай слайдтар арқылы тірек сөздер, қажетті кескіндер мен суреттер пайдалану.

Автор туралы

Course Staff Image #1

Қалиолла Ардақ

Қалиолла Ардақ – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і, Шығыстану факультетінің «Қытайтану» кафедрасында аға оқытушысы.
1994 жылы ҚХР-нан тарихи отаны – Қазақстанға қоныс аударып, Қазақстан азаматтығын алған. 1982 жылы ҚХР, Пекин Орталық Ұлттар Университетінің филология факультетіне түсіп, осы факультетті 1986 жылы бітірген.
1987 жылы ҚХР Пекин Университетінің Қытай филологиясы факультетіне түсіп 1988 жылы үздік дипломмен бітірген. Қалиолла Ардақ университет қабырғасында үздік студент атана жүріп, қазақ тілі мен қытай тілі мамандығын меңгеріп шыққан.

  1. Course Number

    TAKT01
  2. Classes Start

  3. Classes End

  4. Estimated Effort

    1,5-2 часа