Skip to main content

Омыртқасыздар зоологиясы


КазНУ имени аль - Фараби
Enrollment is Closed

Курс туралы ақпарат

Омыртқасыздар зоологиясы курсы университеттер мен педагогикалық, медициналық, мал дәрәгерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған. Мамандық курста омыртқасыз жануарлардың 22 типі жинақталған, жануарлардың негізгі деңгейлік формалары қарастырылған. Әрбір типтің систематикасы, жануарлардың құрылым ерекшеліктері, көбеюі мен дамуы, биологиясы, экологиясы, таралуы, маңызы қарастырылған.

Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Омыртқасыз жануарлардың алуантүрлілігін, олардың құрылысын, негізгі таксономиялық топтардың биологиясы мен филогениясын, экожүйедегі рольін, жануарлардың негізгі өкілдерінің шаруашылық және кәсіптік маңызы туралы тұтас түсінікті қалыптастыру, алған білімдерін ғылыми жұмыстарда, өндірістік және шаруашылық салаларда қолдана білуі тиіс, биотехнологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай тәжрибелік дағдыларға ие болуы тиіс. Омыртқасыздар зоологиясын оқып, меңгеру үшін студенттердің төменгі пәндерден білімі болуы қажет: цитология, морфология, анатомия, экология, систематика.

Автор туралы ақпарат

Course Staff Image #1

Дәуітбаева Күләш Әділбайқызы

1961 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қазыл-Орда мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану факультетін бітіріп, «биология, химия, ауылшаруашылық негіздері» мамандығының дипломын алды. Оқуды өте жақсы аяқтағанына байланысты К.Ә. Дәутбаева зоология кафедрасының оқытушысы болып қалдырылған, осы институт қабырғасында 11 жыл бойы (1961-1972) қызмет істеді: оқытушы, аға оқытушы, зоология кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушысы. 1972-2015 ж. – 43 жыл бойы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы қызметін атқарып жүр. 1972-1975 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультеті зоология кафедрасының аспиранты болды. 1975 жылы «Сырдария сағасы бойындағы қансорғыш қосқанаттылар» тақырыбына диссертацияны қорғап шықты. Аспирантураны бітірген соң, 1975-1977 жылдары К.Ә.Дәуітбаева университеттің проблемалық ғылыми-зеррттеу зартханасында кіші ғылыми қызметкер жұмысын атқарды. 1977-2015 жылдары зоология және гистология кафедрасында аға оқытушы, доцент, ал 2001 жылдың маусым айынан әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің профессоры атағын алып қызмет атқаруда.

Жиі қойылатын сұрақтар

Курстың бағасы қанша?

Курс тегін, тек сайтқа тіркелу керек.