Skip to main content

Ақша-несиелік реттеу


КазНУ имени аль - Фараби
Enrollment is Closed

Курс туралы

Курс қаржы-экономикалық мамандығындағы жоғары оқу орнының студенттеріне арналған. Сондай-ақ ақша-несие жүйесінің қызмет ету мәселелеріне байланысты базалық білім алғысы келген тыңдаушылардың кең аудиториясына пайдасын тигізеді. Сонымен қатар, бұл курстың материалдары қаржы және экономика саласындағы мамандарға қажетті болады.

Курстың мақсаты: студенттерді ақша-несиелік реттеудің ерекшеліктерімен таныстыру

Курс авторлары

Course Staff Image #1

Асилова Айжан Сарсеновна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Қаржы» кафедрасының доцент міндетін атқарушы. қызметін атқарады. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің мамандығы бойынша 2009 жылы «Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтері және олардың даму болашағы» тақырыбында 08.00.10 «Қаржы, ақша айналысы және несие» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 25.01.2010 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Жалпы еңбек өтілі – 26 жыл, ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жыл. Әрдайым өз біліктілігін жоғарылату үшін ғылыми-әдістемелік семинарлар мен конференцияларға қатысады, соның ішінде шетелдерде (Кипрде «Банктік бизнес» мамандығы бойынша курс) өткен. Банк ісі, инвестиция, бағалы қағаздар нарығы, IPO, бойынша білікті маман болып табылады. Бірнеше пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастырды, оқулық, оқу құралы, монографиялардың авторы және жалпы саны 70-тен аса жарияланған еңбектері бар . e-mail: aizhan. assilova@kaznu.kz aijan1910@gmail.com

Course Staff Image #2

Нургазина Асель Муратовна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЭжБЖМ, «Қаржы» кафедрасының э.ғ.к., доцент м.а. қызметін атқарады. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М.В. Ломоносов атындағы МГУ-ды үздік аяқтаған. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар, МВА, Экономика магистрі, халықаралық қаржылар бакалавры. 2007 жылы бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Бағалы қағаздар нарығы, IPO, PR, IR бойынша білікті маман болып табылады. Жалпы еңбек өтілі 14 жыл, шетел компанияларында қызмет еткен, ҚР Ұлттық банкінде, Алматы өңірлік қаржы орталығында, Қазақстандық пресс-клубта, Қазақстан қор биржасында басшылық қызметтер атқарған. Оқытушылық өтілі 5 жылдан жоғары. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсене ат салысқан, оның ішінде «Халықтық IPO» бағдарламасы, ҚР 2007-2011ж.ж. ҚР азаматтарының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасы. АҚ «КазТрансОйл» компаниясының IPO бағдарламасын жүзеге асыруға қатысқан, Алматы өңірлік қаржы орталығының Қазақстан Республикасы бойынша 17 қалада ақпараттық-білім беру орталықтарын ұйымдастырған және үйлестірген. Жалпы саны 6000-нан аса әзірленген және жариялынған еңбектері бар.
e-mail:nurgazina_asel@kaznu.kz

Course Staff Image #2

Дарибаева Меруерт Жумабаевна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЭжБЖМ, «Қаржы» кафедрасының PhD докторы, аға оқытушысы қызметін атқарады. 2005 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің «Экономика және бизнес» факультетіне күндізгі бөлімге түсіп, 2009 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады. 2010 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық университетінің «Экономика және бизнес» магистрі акдемиялық дәрежесіне ие болды. 2013 жылы «Қазақстан Республикасының қаржы нарығының динамикасына экономикалық факторлардың әсері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қаржы» кафедрасында қызмет атқарып келеді. Ғылыми мақалалары: 2010-2015 ж.ж. аралығында жалпы саны 24 ғылыми мақаласы, 3 оқу құралы: «Ақша-несиелік реттеу», «Денежно-кредитное регулирование», «Money, credit and money cerculation» жарық көрді. «ҚР бюджет жүйесі», «Ақша-несиелік реттеу», «Салық және салық салу», «Қаржы», «Сақтандыру», «Банк ісі», «Корпоративтік қаржы», «Қаржы менеджменті», «Қосылу және жұмылу» пәндерін жүргізеді. «Социо-гуманитарлық зерттеулердің заманауи әдістері Орталық Азия академиялық зерттеулердің аймақтық объектісі тұрғысында», «Elsevier BV. Certificate», «Формирование информационно-коммуникационной технологии компетентности педагога», «Методика преподавания дисциплин в условиях индустриально-инновационного развития», «Реализация налогового администрирования и изменения в налоговом законодательстве РК», «Салықтық әкімшіліктендіру» атты біліктілікті арттыру сертификаттары бар.