Skip to main content

Әл-Фараби және қазіргі заман


КазНУ имени аль - Фараби
Enrollment is Closed

Курстың қысқаша сипаттамасы

Курс жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына және ұлы философ Әбу Нәсір әл-Фарабидің мұрасымен танысқысы келген көпшілікке арналған. Курс барысында әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы, әл-Фарабидің логикалық, гносеологиялық, онтологиялық, натурфилософиялық және тағы басқа философиялық ілімдерінің мазмұны баяндалып, әл-Фараби философиясының әлемдік ғылымдағы орнын айқындалады және «AL Farabi university smart city» ғылыми-инновациялық жобасының мәні түсіндіріліп, осы жобаның негізі болып отырған әл Фарабидің әлеуметтік-этикалық ілімінің қазіргі заман адамы үшін өзектілігі көрсетіледі.

Курстың мақсаты

Курсты тыңдаушылардың бойында түркі дүниесінің көрнекті ойшылы Әл Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы және оның қазіргі заманғы маңызы туралы білім қалыптастыру.

Курстың оқытушы құрамы

Course Staff Image #1

Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы

Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА және оннан аса халықаралық академияның академигі, 400-ден аса ғылыми жарияланымдардың, оның ішінде АҚШ, Чехия, Швеция, Германия, Швейцария елдерінде басылып шыққан әлеуметтік-экономикалық, техникалық процесстерді және жүйелік басқару бойынша 20 монографияның, оқулықтың, оқу құралының, 40-тан аса патенттің және өнертабысының авторы. 2014 жылы әлемдік деңгейде танымал «Шпрингер» баспасы автордың еңбегін ескеріп, «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» деген кітабын басып шығарды. Әлемдік өнер және ғылым академиясының (The World Academy of Art and Science) мүшесі; Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясының академигі және вице-президенті; ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының вице-президенті; Қазақстан ұлттық ғылым академиясы жоғары мектебінің президенті; «Техникалық жоғары оқу орнының еуропалық ұстазы» атағының иегері; Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының үздік ғалымдарға арналған грантының иегері; IGIP инженерлерді дайындау халықаралық қоғамының Орталық Азия бөлімінің президенті (Швейцария), Университет президенттерінің халықаралық ассоциациясының (International Association of University Presidents) мүшесі, Халықаралық экономикалық қауымдастығының (Econometric Society) мүшесі, Королдік Экономикалық қауымдастығының (Royal Economic Society) және басқа да ұйымдардың мүшесі.

Course Staff Image #2

Нұрышева Гүлжиһан Жұмабайқызы

Философия ғылымдарының докторы, профессор. Отандық философияның қазақ философиясы, философия тарихы, философиялық антропология салаларының өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған инновациялық еңбектерімен танымал ғалым. Қазақстан Республикасы жоғары білім беру және ғылыми ізденіс кеңістігінде кеңінен қолданылып жүрген оқулықтар мен монографиялардың және Қазақстан, Ресей, Монғолия, Түркия, Италия, Франция, Польша, Чехияның ғылыми басылымдарында, Scopus қорына кіретін журналдарда жарық көрген 100-ден астам мақалалардың авторы. E-mail: Gulzhyxan.Nurysheva@kaznu.kz

Course Staff Image #2

Сырғақбаева Ақмарал Сәлімжанқызы

Философия ғылымдарының докторы, доцент. Мәскеу Мемлекеттік университетінің философия факультетін үздік бітірген. Батыс Германияның Фрайбург қаласында, Ұлыбританияның Листер университетінде (мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша) ғылыми тағылымдамадан өтті. Қала философиясы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Философиялық антропология, мәдениет философиясы, қазақ философиясы бойынша монографиялардың, оқу құралдарының, отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жарық көрген, Тоmson Reuters, Scopus қорларына кіретін журналдарда жарияланған мақалалардың авторы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі оқу-әдістемелік бірлестігінің ғалым-хатшысы. E-mail: Akmaral.Syrgakbaeva@kaznu.kz