Skip to main content

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы


Dulaty University
Enrollment is Closed

Курс туралы

Құқық саласы ретінде конституциялық құқық – бұл қоғам мен мемлекеттің құрылысының негіздерін, атап айтсақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергі-лікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.

Конституциялық құқық саласының пәні болып оның норма-ларымен реттелетін қоғамдық қатынастар ұғынылады. Олай болса, конституциялық құқықтың реттеу пәні болып келесі қоғамдық қатынастар жиынтығы табылады: ҚР конституциялық құрылысының негіздері, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметі, сайлау құқығы мен сайлау жүйесі, әкімшілік-аумақтық құры-лысы, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздері.

Конституциялық құқықтың реттеу тәсілдері – бұл конститу-циялық құқық нормаларының конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін амал, әдістері: тану тәсілі, құқық беру тәсілі, міндеттеу және тиым салу тәсілдері.

Курстың мақсаты:

құқық саласы ретінде ҚР конституциялық құқығын меңгеру, оның нормалары мен құқықтық қатынастарын, қайнар көздерін ұғыну.

Курстың міндеттері:


- конституциялық құқықтың түсінігін анықтау, ұлттық құқық жүйесіндегі жетекшілік рөлін ұғыну;
- конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынас-тардың шегін анықтау;
- конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қаты-настарды реттеп, бекітетін амалдар мен әдістерді зерделеу;
- басқа құқық салаларымен арақатынасын анықтау;
- конституциялық құқықтың нормалары мен қатынастары-ның түсінігін, ерекшеліктерін анықтау;
- конституциялық құқықтың қайнар көздерін қарастыру.

Оқыту нәтижесі (құзыреттілігі):


- ерекше заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу
- конституциялық қатынастарға талдау, қорытындылар жасау және олардың көзқарасын негізу;
- әртүрлі практикалық жағдайларды шешудің құқықтық нормаларын қолдану.

Пәндерді меңгеру нәтижесінде білім алушы білуі керек:


- конституциялық құқықтың негізгі теориялық тұжырымдамалары мен қағидалары;
- Қазақстан Республикасының Конституциясының мазмұны;
- адамның және азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері;
- мемлекеттік органдардың жүйесі,
- сайлау туралы заңның және сайлау жүйесiнiң негiзгi ережелерi,
- азаматтық институттың құқықтық негіздері.

Құрылымы:


Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының ұғымы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының Конституциялық негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығы
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық құқықтары
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі және сайлау құқығы
Қазақстан Республикасы Президенті
Қазақстан Республикасы Парламенті
Қазақстан Республикасы Үкіметі
Қазаңстан Республикасың Конституциялық Кеңесі
Қазақстан Республикасың Сот жүйесі
Жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару жүйелері

Курстың модулі бойынша пререквизиттері

Пререквизиттер – Мемлекет құқығы мен теориясы

Курс авторы

Фотография преподавателя #1

Абдукаримова Зауре Турганбаевна

Заң ғылымдарының кандидаты, Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының доценті., М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
ЗЕРТТЕУ БАҒЫТЫ
Білім беру құқығының теориясы; Білім және ғылым саласындағы заңнаманың өзекті мәселелері; Білім беру құқығының негізгі институттарын салыстырмалы талдау; Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару. Конституциялық құқық саласындағы 100-ден астам жұмыстың авторы.
КӘСІБИ ҚАУЫМДАСТЫҚТАР
Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі.
Білім беру бағдарламаларын бағалау бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сараптау комиссиясының мүшесі.